Түркияның Айя София мешітінде имам болған қазақ
Түркияның Айя София мешітінде имам болған қазақ

Ғабдол-Ғалым, Қуанай хазіреттің баласы, «Батыс Алашорда үкіметінің имамы болған». Ол Бағдат қаласындағы Жоғарғы дiни оқу орнын үздiк бiтiрiп, Стамбұл қаласындағы Айя София мешіт-медресесiнде имам болған. Күнбатыс Алашорда басшыларына рухани қолдау көрсетiп, ақыл-кеңесiн берiп отырған.

Оның әкесі Қуанай хазірет Қосдәулетов 1863 жылы Жымпиты уезі Қособа ауылында дүниеге келген.

1917 жылғы 19-22 сәуір аралығында өткен Орал қазақтарының I съезіне арнайы шақырылып, қазақ халқының бостандығы мен тәуелсiздiгi жолында құрбан болғандарды ecкe түсiрiп, мұсылмандық рәсiм жасауда Жаһанша Досмұхамедовтің шақыруымен келiп қатынасқан. «Ойыл уәлаяты» Уақытша үкiметiне және Батыс Алашорда үкіметіне де айрықша көмек көрсетiп отырған.

1928 жылы Алаш қозғалысына белсендi қатысушы ретiнде мал-мүлкi тартып алынып, Орал округі бойынша тәркiге түскен 113 адам қатарында үй iшiмен Жетiсу округiне жер аударылды. Мұнда Батыс Алашорданың тағы бiр көрнекті қайраткері Салық Омаров екеуi малшаруашылығын дамытты, ел iшiнде беделге ие болды.

Қуанай Қосдәулетов 1937 жылы РКФСР Қылмыстық кодексiнiң 58-бабының 2.6.7.11-тармақтарымен айыпталып, «үштіктің» қаулысымен атылған. 1958 жылы ақталды. Оның баласы Ғабдол-Ғалым Қуанайұлы әкесі Қуанай хазіретпен бiрге Алаш қозғалысына белсене қатынасқаны үшiн 1938 жылы саяси қуғынға ұшырап, атылған. Оларға тағылған айып - ислам ұйымының мүшесi болғандығы және Алаш ұлтшылдарын қолдағандығы. Қуанай хазіреттің баласы - Ғабдол-Ғалым Қуанайұлы туралы әлі толық мәлiметтер жок. Дегенмен Ғабдол-Ғалым Қуанайұлының атылғаны жөнiндегi деректер Батыс Қазақстан Қауiпсiздiк Комитетiнiң қорында сақтаулы.

bugin.kz

Қ. Слямбек 

Фото: egemen.kz

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
2 года назад 1768
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167