Отандық сағаттар шығарған жас бизнесмен су, электр және адам ресурсын үнемдейтін жылыжай салуда
Мемлекет бизнесті дамытуға, әсіресе, орта және шағын бизнестің көсегесін көгертуге әркез демеу болып келе жатыр. Мемлекет жасап берген игілікті бағдарламаның арқасында талай кәсіпкердің тіршілігі оңалып, несібесі артты. Қазір елімізде бизнесмендердің жаңа бір толқыны қалыптасуда. Олар тәуелсіздікпен құрдас туғандар. Солардың бірі – Арман Тосқанбаев. «Отан» атауымен брендтік сағаттар шығарып, сол сағатты президенттің өзі білегіне таққаны бар еді былтыр, деп жазады baq.kz. Осының өзі-ақ Арманның бизнес әлемінде біразды мойындатқанын, жас болса да биік белестерді бағындырып үлгергенін...