Жылқы аурулары – жұқпалы, жұқпайтын және құрт аурулары болып бөлінеді. Жұқпалы ауруларға: маңқа, сақау, сарып, құтыру, делбе, жамандау, сіреспе, жегі, күл, т.б. жатады.Жұқпайтын ауруларға: желінсау, боғмала, қыршаңқы, буын-құрт, өлі тию, жауыр, жем түсу, қашақ, өкпе ісіну, т.б. жатады.Құрт ауруларына: киеңкі, қарақаптал, су ауру, қотыр, ішек-құрт аурулары, т.б. жатады.Көнеден бері мал шаруашылығымен айналысып келген қазақ жылқының дерт-дербезін тани білген оны емдеуге шебер болған. Қазіргідей дәрі-дәрмек тапшы, ветеринарлық медицина дамымаған заманда қазақтар жылқы түлігін өздері...