«Қазпошта» несиелеу, автосақтандыру, теміржол билеттерін сату қызметтерін іске қоспақ
Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы Жолдауында жаңа технологияларды қолданысқа енгізу, робототехниканы дамыту, жүйелерді автоматтандыру секілді мәселелерге ерекше мән берілді. Яғни, бұған дейін қағаздағы жоба күйінде қалып келген инновациялық бастамалар енді нақты жүзеге асуы тиіс. Болмаған жағдайда дамыған елдер отыздығына қосылу біз үшін тек арман болып қала бермек. Осындай инновациялық жобаларға жан бітірген компаниялар елімізде саусақпен санарлық қана. Солардың бірі – «Қазпошта» акционерлік қоғамы. Компания қазір қызмет түрлерінің біразын онлайн режимде көрсетіп келеді. Соның...