ӨЗГЕ ЕЛДЕРДЕГІ 1% ҚЫТАЙ ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫҢ 60% ӨЗ УЫСЫНДА ҰСТАП ОТЫР
Қытайдың әлемге таралуы (миграция) туралы материалдарды оқи келе ең әуелі мынаны анық білесіз: Қытайдан өзге елге тарайтын, қоныстанатын кез келген адам өзімен бірге үш нәрсені алып жүреді. Ол – қытай медицинасы, қытай асханасы, қытай тілі. Яғни, қытай азаматы қандай елге барса да осы үш нәрсенің қызметін тұтынады әрі оған төлеген қаражаты да сол елдегі қытай кәсібін дамытады және Қытай қазынасын молайта береді. Тілін, медицинасын, асханасын өзімен алып келетін қытайлықтар жердің қай түкпірінде жүрсе де ұлт ретінде жойылмайды. Өзге ұлтқа сіңіп кету дейтін нәрсе қытайға жат нәрсе. Қазіргі...