Діндар мен сабын жасаушының әңгімесі
Діндар мен сабын жасаушының әңгімесі

Діннің не екендігін қаперіне де ілмей, сабын өндіргеннен басқа ештеңе білмейтін бір кісі, күндердің бір күні иманды кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді:

— Сендердің сенімдеріңнің бір пайдасы болса, адамдарға тек жақсылық әкелсе, осыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой?

Иманды кісі әлгі адамның бетіне бір сәт қарап тұрды да:

— Ондай болса, сен жасаған сабындардың да түкке керегі жоқ. Өйткені олардың бір пайдасы болғанда, айналамызда кір мен ластық қалмас еді? -деді.

Сабын шығарушысы дереу қарсы шығып:

— Адамдар сабын қолданбаса менің кінәм не?

— Адамдар діннің әмірін орындамаса діннің кінәсі не? Егер діннің заңдылық пен талаптарын барлық адам орындағанда, күллі дүние баяғыда түзелген болар еді.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 2929
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167