Көз зинасын жасамауға 9 кеңес
Көз зинасын жасамауға 9 кеңес

1.      Үйден тек қана қажетті жағдайда шығыңыз. «Бүліктер көбейетін кезеңде адам- ның амандығы – үйінен шықпауында» (Хадис шәріп, Жамиус-сағир).

2.      Көзіңізді төмен салыңыз. Көзіңізді үнемі төмен қаратып жүруге   тырысыңыз. Бұл – қарапайымдылықтың белгісі.

3.     Бөтен адамды көре салып, басыңызды басқа жаққа бұрыңыз. «Уа, Әли! Бір на- зарыңды екінші назарға жалғастырма! Өйткені бірінші қарау - сенікі, ал екінші қарау  - саған қарсы» (Хадис шәріп, Тирмизи).

4.     Үйленіп, тұрмыс құрып, арамға қарауды ұмытыңыз. «Уа, Алла Тағалам байыз тауып, тынышталатын жұбайым жоқта, тән құмарлықтарымның артып кетуінен Өзіңе сыйынамын» (Әбу Дарданың (р.а.) дұғасынан).

5.     Бойыңыздағы ұят сезімін дамытыңыз. «Ұятты сезбегеннен кейін қалаған нәр- сеңді жасай бер!» (Рамузул ахадис).

6.     Тек қана жақсы істермен шұғылданыңыз!  Өйткені кімде-кім уақытына көңіл бө- ліп,  оны Алла Тағала разы болатындай жұмсаса, Алла оның діні мен дүниесін сақтайды...

7.     Дос таңдауда мұқият болыңыз! «Жаман достан сақтаныңдар. Өйткені ол оттың бір бөлшегі» («Кунузул хақайық»).

8.     Өзіңізге қаламағанды өзгелерге де қаламаңыз! «Әйелдеріңе ар-намысты, таза бол- саңдар, сендердің әйелдерің де ар-намысты, таза болады» (Хадис шариф, Жамиус-сағир)

9.     Шын жүректен, шынайы тәубе етіңіз.

Әл Әузағи былай дейді: «Харун ибн Риаб маған мына сөзді жеткізді: «Ғазуан мен Әбу Муса әл-Әшғари бір шайқасқа бірге барды. Сол кезде бір күң денесін жалаңаштап ашып жіберді. Ғазуан оған қарап қалды. Әбу Муса қолын құлаштап тұрып, Ғазуанның көзіне ұрып жіберді де: «Сен өзіңе зиян келтіретін, бір де бір пайда келтірмейтін нәрсеге қарап тұрсың», - деді.  Көздері ісіп кетті. Сөйтіп Әбу Мұса оған былай деді: «Сен өз көзіңе қиянат жасадың. Алладан кешірім тілеп, тәубеге кел! Өйткені оның алғашқы қарауы өзіне болғанмен, екінші қарауы өзіне қарсы». Әузағи айтады: «Осыдан кейін Ғазуан шынында да, өз нәпсісіне ие болды. Өлгенше күлген жоқ. Алла оған разы болсын» (Имам Құртуби, әл-Жамиғу ли-ахкамил Құран, 12, 343)».

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 3688
1 пікір
  • Қазіргі кезде көз зинасын жасамау нәпсіге ең ауыр соғатын нәрсе болды ғой. Кейде оймен айналаңның бәрін азғындықтан тазартып тастағың келеді не ешкім тұрмайтын жаққа кетсем бе дейсің. Бұрынғы өткен уақыт қазіргіден қайда жақсы екен...
    7 жыл бұрын
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167