Шіркін, бұрынғы қазақтың нәзікжандылары қандай еді?!
Аналар тақырыбында талмай еңбектенген қаламгер Ғ.Мүсіреповтің әйгілі «Ұлпан» романында мынадай бір дерек келтірілген: «Ұлпан үлкендерге бұрылып сәлем етті. Шынар да соны істеді, ұялыңқырап, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем берді». Бұл мысал «Ұят – беттің пердесі» деп Майлықожа ақын жырлағандай, қазақ әйелінің бойындағы ізгілік оның инабаттылығымен өлшенетіндігін, қазақ аналарының арын жанының садағасына балаған, арлы, ибалы болғандығын айқын аңғартады.Ал жазушы Қабдеш Жұмаділовтің “Бақыт жолында” деп аталатын романында «ерін сыйлаған есікте қалмас» дейтін даналық сөзді ту етіп ұстаған қазақ...