«Тасдиқ» қашан, қалай жазылған?
Халқымыздың руханияты қалыптасуына әулиелер өлшеусіз үлес қосты. Қазақ жерінде киелі орындар көп болуы содан. Әулие, әнбие, пір және абыз деген ұлттық санаға ежелден сіңісті атау-ұғымдар. Бұл ретте «Абай әулие ме?» деген сауалдың тууы заңды. Бірақ, оның нақты жауабы берілген емес. Оған басты себеп – қазіргі күні 38-қарасөз делініп жүрген «Ғақлиат-тасдиқат» (қысқаша – «Тасдиқ») трактатының қашан, қалай жазылғаны тасада, жұмбақ күйінде қалып келеді. Сондықтан осы екі мәселеге хал-қадіріміз жеткенше жауап іздеп, ойымызды ортаға салғанды жөн көрдік. Әулиеліктің кәмәлаты жайында бірер сөз Аталған...